Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдері барлық ұстаздарды осы ерекше күнмен құттықтап, шынайы ықыласпен атап өтті! Көктемнің алғашқы шуақтары мен жылуы сияқты, бұл күні біз бір-бірімізге тек жақсылық, денсаулық, бақыт және табыс тілеп, жылы сәттерді бөлістік. 🌸💐

Көрісу күні – достық, татулық пен бірліктің айғағы. Бастауыш сынып мұғалімдері барша ұстаздарға қуаныш, жаңа жетістіктер, және мол мүмкіндіктер тілеп, бұл күннің мәнін ерекше атап өтті. 👩‍🏫👨‍🏫

Барша мұғалімдерге қажымас еңбек, мол шабыт және денсаулық тілейміз! Көрісу күні әрқашан қуаныш пен береке әкелсін! 🌿💫