Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Отбасы – бала тәрбиесінің алтын діңгегі: ұлттық құндылық пен құқықтық сананың үйлесімі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында баяндама жасалып, отбасындағы тәрбиенің маңызы айтылды. Сонымен қатар, 3-тоқсанның қорытындысы мен алдағы емтихандар жайлы ақпарат берілді. Мектеп инспекторы «Баланың құқықтық тәрбиесі: отбасының рөлі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналармен пікірталас өткізді. Жиналыс соңында Ашық алаң форматында ата-аналар пән мұғалімдерінен жеке ақпарат алып, өзара байланыс орнатты. Жиналысқа жалпы 52 ата-ана қатысып, белсенділік танытты. Ата-аналармен тығыз байланыс – оқушы тәрбиесі мен дамуының басты кепілі екенін тағы бір мәрте көрсетті.