Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
Осыған орай, мектеп кітапханалары да қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатындағы республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы өз жұмысы жалғасын табуда.
Мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында жоспарға сай іс шаралар өткізілді.
Оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы. Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, біріміз – жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Арамызда кітап оқып, демалатындар да бар. Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады.
«Кітап оқуға бала кезден баулу керек. Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады»,- деді министр Аймағамбетов өз жазбасында.
Ол үшін бала мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет.
Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған.
Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын. нығайту..
Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім”- деп тегін айтылмаған ғой. Мектеп кітапханасындағы қаншама әдеби кітаптарымыз баршылық. Осы орайда бәрімізді өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапты көп оқуға арнасақ.
Оқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз “Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады” – деп бекер айтпаған. Ұлы Абай атамыздың сөзіне жүгінсек, өзінің 41- қара сөзінде “Кітап – жан азығы жығылғанда сүйеу болады, адасқанда тура жолға салады”-делінген.
Мектебімізде жоспарға сәйкес “Оқуға құштар мектеп” жобасы өз жұмысын атқарып келеді.
Мақсаты: Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Оқушыларды кітап оқуға баулу, оқыған кітаптары туралы ой бөлісу. Оқушыларға кітаптың қаншалықты құнды , бағалы дүние екендігін түсіндіру. Көркем сөйлеуге, ұқыптылыққа, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен 2023-2024 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес оқушыларға тізім беріліп, үзінділер жаттауға, қойылым қоюға тапсырма берілді. Мектеп кітапханасында жылдың басында жоспарға сәкес ұйымдастырылған шаралар өз жалғасын табуда. Атап айтар болсақ “Ұлт рухының жаршысы” жазушы, аудармашы Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романын оқып талдау. Kahoot арқылы 8-10 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі сайыс ұйымдастырды. 7- 9 сынып оқушыларыңы арасында “асқақ арманды ақын” тақырыбында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Адасқан өмір”, “Кедей” өлеңдерін талдау. Аталған іс-шара “REАDx” форматында оқушылар оқыған өлеңдеріне талдау жүргізе отырып, ақынның айтпақ ойын жүйле түрде жеткізе білді. Өзіңін ерекше зерттеу, талдау жұмысымен көзге түскен 8-сынып оқушысы Байгазина Мақпал жүлделі 1 орынды жеңіп, мақтау қағазымен марапатталды. “Көк тудың желбірегені” , “Рухы биік желтоқсандықтар” тақырыптарында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектебіміздің тарихшысы Батырбек А. ұйымдастыруымен тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: оқушының өз ойын жүйелі жеткізе білуіне , ізденуіне, білімдерін толықтыруға баулу. Ерлікке ,Отансүйгіштікке дағдыландыру көзделген. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Балалар кітапханасының жобасын іске асыру мақсатында ақын, жазушы Мұзафар Әлімбаевтың “Бала жанын сүйеді жыр жүрегім”, “Жарқ ете қалсам, найзағай болып…” тақырыптарында 5-9 сынып арасында жазушының өмірі мен шығармашылығын талдау арқылы баланың ой өрісін дамыту көзделді. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
9 ақпан -М.Мақатаевтың туған күніне орай кітапханамызда ақынның өміріне қатысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жыр марафоны өтті.
14 ақпан -Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектеп ата-аналары, оқушылары, ұстаздары “Кітапханаға кітап сыйла!” тақырыбындағы іс-шараға белсене қатысып, өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, мектеп кітапханасына сыйға тартты.
Әр айдың соңында “Ашық есік” күніне орай ата- аналармен түрлі іс -шаралар, дөңгелек үстелдер, КВЕСТ ойындары, талдау, талқылау шаралары жалғасын тауып келеді.
Әр мерекеге , атаулы күндерге орай кітапханада мектеп белсенділерімен көрмелер ұйымдастырылып тұрады.
Үзіліс уақытында оқушыларға қызықты кітаптар, жаңадан келген кітаптар ұсына отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып келеміз. Күннен күнге кітапхана оқырмандары көбеюде.
Алдағы уақытта да мектептегі және мектеп кітапханасындағы “Оқуға құштар мектеп” жобасын одан әрі жандандыру үшін көптеген жұмыстар жасайды.
Мектеп кітапханашысы: Шабдар Ә.М.