Шын мәнінде бүгінгі жас — ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Бүгін біз өз мектебін халықаралық, республикалық, қала және аудан көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан ету үшін «Кемел келешек кілті — білімде» атты мектебіміздің дарынды оқушылары мен ұстаздарды ұлықтау салтанатты рәсімі болып өтті. Арнайы мектеп жұлдыздарын мектеп басшысы Жайнар Аманбайұлы құттықтап ізгі тілегін білдірді.
