Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Көктем айлары берекелі һәм мерекелі. Мерекелісі — көктем мейраммен басталады және солай аяқталады. Мамыр айымен бірге бірінен соң бірі келетін мерекелер шеруі басталғандай. Шуақ шашқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесінің де біздің ел үшін, жер үшін маңызы зор. Отан – қасиетті Анамен тең болса, Отанды қорғау – Ананы қорғаумен пара-пар түсінік. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Бұл «бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деп тынымсыз еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің де мерекесі. Жеңімпаз ата- апаларымыздың жарқын істерін алға апарар жас ұрпақтың мерекесі.
Мамыр мерекелеріне орай білім ордамызда «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» атты мерекелік концерт болып өтті. Мектеп басшысы Жайнар Аманбайұлы мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, содан әрі концерттік бағдарламалардың ән шашуымен жалғасты.