2024 жылғы 11 желтоқсан күні Астана қаласы “Байқоңыр” ауданы ПБ ЖПҚБ Ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Х.К. Мукушев және полиция майоры С.Б Есенбекұлы “Пиротехника” тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл кездесу барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері, құқықтық тәртіп және денсаулық сақтау мәселелері бойынша маңызды ақпараттар берілді. Инспектор мектептегі тәртіпті
сақтау мен профилактикалық жұмыстардың
маңыздылығын атап өтті. Оқушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты.
