Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

“Заң және тәртіп” айы аясында Байқоңыр ауданы полиция капитаны әрі учаскелік инспектор Мукушев Хафиз Қайыргелдіұлы мен УПП-31 учаскелік инспекторы Жусупов Копжасар Алпысбаевич оқушылармен “Құқық бұзушылық неге алып келеді?” тақырыбында маңызды іс-шара өткізді. Іс-шара барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары мен оның қоғамға тигізер әсері туралы түсіндіріліп, заңды бұзудың алдын алу жолдары талқыланды. Осылайша, жастарды құқықтық сауаттылыққа баулу және тәртіпке тәрбиелеу мақсатында көптеген сұрақтарға жауап беріліп, оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.