Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебімізде 11 сынып оқушыларымен Астана қаласы “Байқоңыр” ауданы ПБ ЖПҚБ Ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Х.К. Мукушев және инспектор ОВиКР капитаны Ахметова К.С “Кәсіптік бағдар беру бойынша” кездесу өткізді.

Бұл шараның мақсаты – оқушыларды болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға бағыттау. Мамандар мен университет өкілдері өз салаларындағы мүмкіндіктер мен талаптар туралы ақпарат беріп, болашақ мамандықтарын таңдау жолындағы сұрақтарға жауап берді.

Кездесуде оқушылар түрлі кәсіптердің ерекшеліктері, еңбек нарығындағы сұраныс пен жаңа мамандықтар туралы білім алды. Бұл шара олардың өз армандарына жету жолында үлкен қадам болары сөзсіз!