Қыркүйек айында 5 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдері күні, ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туған күніне «Ахмет-ұлт ұстазы» тақырыбында 5-7 –сынып оқушыларына тақырыптық сөре ұйымдастырылып, таныстырылды. Ұлт ұстазы туралы қосымша мәлімет берілді. Қазақ тілі мұғалімі Сындаркулова Манат Оралбекқызының ұымдастырыумен кітапханада 10- сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс –шарадан оқушылар ұлттың ұстазы-Ахмет туралы өте құнды ақпараттар алды.
Тақырыбы: «Ахмет –ұлт ұстазы».
Мақсаты: Ахмет туралы мол мағлұмат ала отырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Оқушыларды кітап оқуға баулу. Кітапханамыздан әдеби көркем кітаптарды оқуға кеңес беру.Кітап оқуға қызығушылықтарын ояту. Бос уақыттарын бос өткізбей кітап оқуға баулу