Астана қаласының білім басқармасының 2025 жылғы 05 наурыздағы №107-04-30/389 бұйрығы сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ата-аналардан (заңды өкілдерден) мыналар: жөндеу жүргізуге, құрал-жабдықтар мен жиһаздарды сатып алуға, мектепті жинауға, педагогикалық ұжымға сыйлықтар беруге, білім беру ұйымдарын аттестациялауға, мерекелік іс-шараларға және басқа да мақсаттарға ақшаны мәжбүрлеп жинауға үзілді-кесілді қатаң ты т йым салынсын;
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Б.Ташимова
— педагогикалық ұжым мен ата-аналар комитетінің мүшелері арасында мектептің, сыныптың, мерекелік іс-шаралардың қажеттіліктері үшін заңсыз ақша жинау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
— ата-аналардан заңсыз ақша жинауға жол берген сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге және тәрбиешілерге атқаратын лауазымынан босатуға дейін қатаң тәртіптік шаралар қолданылсын.
3. Бұйрықпен барлық қызметкерлер таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мектеп директоры Ж.А.Сейдуллаев
Құжаттама
Аты | Түрі мен өлшемі | |
---|---|---|
Академиялык адалдык және онын маныздылыгы | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |