Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

28 қыркүйек  -Қазақ әдебиетінің классигі , академик, кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күніне орай 5-8 сынып оқушыларының қатысуымен жазушының шығармаларын талдау мақсатында ХХІ ғасыр көшбасшысы ұйымдастырылды. Сынып бойынша оқушыларға жазушының шығармалары таңдалып , оқуға тапсырма берілді. Оқыған шығармалары бойынша арнайы сұрақтар құрастырылып талданды. Оқушылар тек шығармаларды оқып қана қойған жоқ сонымен қатарқызығушылық танытып сыныптастарына да оқыған шығармаларының мазмұнын айта отырып оқуға кеңес берді. Аталған сайыста 5 –сынып оқушысы Наз жеңіске жетті.

Тақырыбы:  М.Әуезов « көксерек» әңгімесі

Мақсаты: «READx» жобасымен «Бір отбасы-бір кітап» балалар кітапханасы жобасын негізге ала отырып балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын оята отырып ,шығармаларды талдай білуге, түсінік айтуға машықтандыруға, өз ойын нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.

 Оқушыларды кітап оқуға баулу. Кітапханамыздан әдеби көркем кітаптарды оқуға кеңес беру.Кітап оқуға қызығушылықтарын ояту.  Уақыттарын бос өткізбей кітап оқуға баулу.