«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін — жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі екен. 15 мамыр — халықаралық отбасы күні.
Отбасының жемісі — тәрбиелі ұл — қызы демекші,мақтан етер, дендері сау, саналы, иманды ұрпағымыз көбейсін!Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтын әр отбасының керегесі кең,шаңырағы берік,еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!