Жиында министр Ғ. Бектайұлы еліміздің білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын ұсынды. Министрдің айтуынша, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін бірқатар жаңашылдықтар мен өзгерістер қажет.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы өз баяндамасында қаланың білім беру мекемелерінің қазіргі жағдайын, жетістіктерін және туындаған мәселелерді атап өтті. Қаланың білім саласындағы жаңа бағыттары мен инновациялық тәсілдеріне тоқталып, жергілікті білім беру мекемелерінің дамуы үшін қосымша ұсыныстар жасады.
Ғани Бектайұлы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, білім беру мекемелерінің ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, мектептер ата-аналарға әрқашан ашық болуға, білім беру процесіне олардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар, министр Астана қаласының білім беру мекемелерін шығармашылыққа, жаңа идеяларға ашық болуға және үнемі жаңалықтар енгізуге шақырды.
Жиын барысында тың идеялар мен ұсыныстар айтылып, Астана қаласы білім беру мекемелерінің алдағы уақытта жаңалықтар мен өзгерістердің жаршысы болатынына сенім білдірілді. Бұл кездесудің мақсаты – білім беру сапасын арттыру, мұғалімдер мен оқушылар үшін заманауи әрі тиімді орта қалыптастыру болып табылады. Білім беру саласындағы өзгерістер әрбір Қазақстандық баланың болашағына үлес қосып, еліміздің білім жүйесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететіндігіне сенімдіміз.