“Заң және тәртіп” айлығы аясында мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және тәртіптің маңызын түсіндіру мақсатында арнайы іс-шара өтті. Шара барысында инспектор Мукушев Хафиз және аға жедел уәкіл полиция майоры Сауриков Бағланмен бірге кездесу өткізіп, тәртіп бұзушылықтың салдары мен оның жеке тұлға өміріне және қоғамға әсері туралы айтып берді.
Инспекторлар балаларға заңға бағыну және қоғамдық тәртіпті сақтау әр азаматтың міндеті екенін жеткізіп, тәртіп бұзудың теріс салдарлары – әкімшілік айыппұлдар, қоғамдық жұмыс, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол оқушыларға өз құқықтарын білу мен оларды құрметтеу маңызды екенін айтты.
Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары туралы пайдалы ақпарат алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақты заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
📌 Заңды сақтау – қауіпсіз болашақтың кепілі!