Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

1–4 сыныптар үшін — «Айгөлек» жазғы лагері, ал 5–7 сыныптар үшін — «Yurtlife» жаздық киіз үй лагері ұйымдастырылды. Балалар үшін бұл күн ерекше қуанышты, есте қаларлық күн болды!
Балалар тәттілерге тойып, шаттыққа бөленді. Киіз үйде әжелеріміз тек жүн түтіп қоймай, ұлттық дәстүрлеріміз туралы қызықты әңгімелер айтып, баталарын берді. Технология пәні мұғалімдері арқан өріп, балаларға шеберлік сағаттарын өткізіп, қазақ халқының қолөнерін таныстырды.
Екі көңілді қонжық (аниматорлар) балаларды таңқалдырды, олармен бірге ойнап, күлкіге қарық қылды.
Қыздар бауырсақ пісіру процесін көріп, өздері де қызығып, бауырсақ пісірді — нағыз шағын аспаздар болып шыға келді!
Бұл күні түрлі ойындар ойнатылып, ән айтылып, күй шертіліп, мерекелік көңіл-күй қалыптасты. Балалардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш — біз үшін ең үлкен жетістік!