Астана қаласы әкімдігінің “Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназия” КММ білім беретін мектебінде “8 наурыз — Халықаралық әйелдер” мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан және ұстаздардан, оқушылардан түрлі мақсатта ақша жинауға тыйым салынғандығы туралы ескертеді:
📌Мұғалімдерге сыйлық беру – міндетті емес. Ұстаздардың еңбегін бағалау үшін ең жақсы сый – балалардың білімге деген ынтасы мен тәртібі.
📌 Материалдық сыйлықтар заңға қайшы болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге (оның ішінде мұғалімдерге) сыйлық беру сыбайлас жемқорлыққа жатуы мүмкін.
📌Ұстаздар үшін ең құнды сый – құрмет пен алғыс. Жылы сөздер, алғыс хаттар мен шынайы ризашылық – нағыз бағалы сыйлық.
📌Мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау. Көптеген ұстаздар сыйлық алудан бас тартқысы келеді, бірақ кейде қабылдауға мәжбүр болады. Бұл олар үшін психологиялық қысым тудыруы мүмкін.
📌Балаларға дұрыс үлгі көрсету. Сыйлық беруді міндет деп санау – жас ұрпаққа қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Оның орнына, ұстаздарды құрметтеуді басқа жолмен көрсетуді үйретуіміз қажет.
📌Мектеп әкімшілігінің өздеріңізге ұсынған мектептің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге және қатаң сақтауға шақырамын.
📌Құрмет пен алғыс – ең үлкен сый. Мұғалімдер үшін оқушылардың жетістігі, ата-аналардың ризашылығы және мектеп қауымдастығының қолдауы кез -келген материалдық сыйлықтан әлдеқайда құнды.
Құрметті ата-аналар және әріптестерім!
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға алуларыңызды сұранамын!
Біздің мақсатымыз-сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өскелең ұрпақтың бойында шыншылдық пен патриоттық сезімді ояту, тұлға қалыптастыру.
Құрметпен, №49 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Сейдуллаев Жайнар Аманбайұлы.
АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ!
