Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар;

Атааналар мектепті белгілеп, egov.kz Beb порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар балалар ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап, 2024-2025  оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!

ҚР БжҒМң 16.10.2018 жылғы №564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.

  • Сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл- мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.

Ата-ана алдын ала мектепті белгілеп, egov.kz Beb порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.

Қажет құжаттар тізімі:

  1. Ата-ананың өтініші;
  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. 052-2\y нысаны бойынша денсаулық паспорты; (063/ф)
  4. 3*4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы; қажеттілігіне қарай ПМПК Тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін). Өтінішті үй жағдайында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.