Жаңалықтар

Шараның мақсаты — жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілік пен қамқорлық сезімін дамыту. Осы игі бастамаға 11 “А” және 11 “Ә” сыныптарының түлектері белсене қатысып, мектеп ауласында шырша ағаштарын отырғызды. Әр отырғызылған шырша — болашақ ұрпаққа жасыл мұра! Игі істі мектеп директоры мен сынып жетекшілері толық қолдап, оқушыларға демеу көрсетті. Түлектерімізге табиғатты […]

Бұл жалпықалалық шараға мектебіміздің 8 “А” және 8 “Г” сынып оқушылары белсенді қатысып, тазалық пен салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Табиғатты аялау – баршамыздың борышымыз!

Іс-шараға 6 және 8-сыныптардың 10 оқушысы да белсенділікпен атсалысты. Сенбілік барысында мектеп ауласы қоқыстан тазартылып, гүл отырғызылатын жерлер дайындалды. Бұл іс-шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ұжымдық рухты нығайтты. Мектеп әкімшілігі барлық ұстаздар мен оқушыларға белсенділіктері мен үлестері үшін алғыс білдіреді! Таза орта — жарқын болашақ кепілі!

«Отбасы – бала тәрбиесінің алтын діңгегі: ұлттық құндылық пен құқықтық сананың үйлесімі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында баяндама жасалып, отбасындағы тәрбиенің маңызы айтылды. Сонымен қатар, 3-тоқсанның қорытындысы мен алдағы емтихандар жайлы ақпарат берілді. Мектеп инспекторы «Баланың құқықтық тәрбиесі: отбасының рөлі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналармен пікірталас […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық басымдық болып қала беретінін атап өтті. 2025 жылдың алғашқы 3 айында елдегі қылмыс деңгейі 5,8%-ға (құқық бұзушылық 35 320-дан 33 279 дейін) төмендеді. Бұл барлық құқық қорғау органдарының тек жазалауға емес, алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысының нәтижесі екенін атап өтемін. Қылмыстың жасалмауының басты […]

“Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтілген “ Ғылымдағы дебют “ конкурсында “Жаңғыртылатын энергия-болашақ энергиясы” секциясында 8 сынып оқушысы Сұлтан И. 3 орынды иеленді. 📚Жетекшісі физика пәні мұғалімі Басықара А. 👏🏻👏🏻 Құттықтаймыз!!!

Оқушылар мектеп ауласын тазартып, тазалық сақтауға өз үлестерін қосты. Сенбіліктің мақсаты – оқушыларды еңбекке баулу, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, көктемнің шуақты күнінде сенбілік жақсы көңіл-күймен өтті. Ізгі үлгі көрсеткен барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір — 31 тамыз аралығында тапсыруға […]

Бүгін Қошке Кемеңгерұлы атындағы 49 мектеп-гимназиясында“Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың профилактикасы” тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің “Психологиялық қолдау орталығы”КММ психологиялық қолдау орталығының маманы Бота Мадиевна семинар-тренинг өткізді. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың психологиялық жай-күйін жақсарту, олардың өз-өзіне зиян келтіретін әрекеттерінің алдын алу және әлеуметтік қолдауды нығайту болды.