Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Жазғы демалыс қарсаңында “Мамыр-Ынтымақ айы” айлығы аясында “Демалыста кітап оқимыз” республикалық буккроссингі басталды. Буккроссингтің мақсаты: мектебіміздің оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу. Осы іс- шараға мектебімізден бірнеше оқушы өздерінің оқыған кітаптарын бұрышқа сыйға тарту ете отырып, өзгеге оқуға кеңес берді.

Толығырақ

Байқоңыр ауданы бойынша полиция басқармасының жергілікті қызметінің майоры Жусупов К.А. жоғарғы сынып оқушыларымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.Барлық кәмелетке толмаған оқушыларға заң аясында өмір сүру маңыздылығы айтылды!

Толығырақ

Мектебімізде 1-11 сыныптар арасында “Таза Қазақстан” республикалық акция шеңберінде “Вейпсіз Жастар” денсаулық шеруі өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты дамыту. Іс-шарада спорттық жарыстар өтті. Шеруге барлығы 275 оқушы қатысты.

Толығырақ

2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Астана қаласының білім беру ұйымдарының 10-сынып жасөспірімдерімен 5-күндік оқу-далалық жиындары өтті.

Толығырақ

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек […]

Толығырақ

«Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде мектеп оқушыларына сурет көрмесі жасалып, сынып сағаттары өтілді.  

Толығырақ

Толығырақ

Құрметті ата-аналар! Жаз бойы балаңыздың уақыты пайдалы әрі қызықты өткенін қалайсыз ба?😍 🔊Балаларыңызды осы жазда балаларға арналған «Айгөлек» жазғы қызықты демалыс лагеріне жіберіңіз! 🖇️Лагерь артықшылықтары: ⚽️Спорт 📚Шығармашылық 📖Білім беру 🖇️Бір маусымның ұзақтығы 10 күн; 🖇️ 0-4 сынып оқушылары қабылданады; Қазір тіркеліп, балаларыңызға тәжірибе мен білімге толы ұмытылмас жазғы демалыс сыйлаңыз! 💡 🔊Қызықтан құр қалмаңыздар! Бірге […]

Толығырақ

📚🎶🌟 Баршаңызды жазды пайдалы және рахатпен өткізуге шақырамыз! Бізге қосылып, білім мен шығармашылық әлеміне еніңіз! 🎓💃🎸 Осы жазды ұмытылмастай етейік! 😊😊

Толығырақ