Клубтың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат тарату дағдыларын жетілдіру және журналистика әлеміне қадам басуға мүмкіндік беру.
Қазіргі таңда жас журналистер командасы өз жұмысын белсенді түрде бастап, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында осы аптаның дәйек сөзіне арналған сұхбаттар жүргізді: “Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ол ұлттық жауапкершілік”
Оқушылар бұл тақырып аясында өз ойларымен бөлісіп, тәуелсіздіктің мәні мен оған деген жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады.
Жас тілшілердің еңбектерін алдағы уақытта сіздерге ұсынамыз! Біздің парақшамызды бақылап, жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыз!
Мектебізде жас журналистер клубы өз жұмысын бастады!
