Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Оқушылардың бойына ізгілік, батырлық қасиеттерді әдебиет, тарих арқылы сіңірудің қажеттілігі артып отыр. Осы қажеттіліктерді іске асыруда әсіресе қаладағы мұражайлардың маңызы зор.
Мұражай өткен мен болашақты жалғастырушы көпір болып табылады емес пе? Cол себептен Байқоңыр ауданы, Әлеуметтік сала бөлімі ұйымдастырған шаралар көптеп саналады. Соның бірі ретінде ҚР Қарулы күштерінің Әскери-Тарихи мұражайы. Оқушылар экскурсияға әлеуметтік педагог М.Утибаеваның жетекшілігімен барды.
Саяхат барысында, оқушылар «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының жетекшісі, Еңбек ардагері Қасымов Мамыр Әбдіқадірұлымен кездесіп, сұхбат жүргізді. Мұражайдағы ескерткіштермен, ұлттық тарихи жәдігерлерімен танысты, ата-бабаларымыздың қол өнер туындылармен, тағыда басқа көптеген әскери құндылықтармен танысып, ой өрістерін кеңейтіп, рухани азық алды.