Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебімізде экологиялық тәрбие мен білімді арттыру мақсатында басталған ”Жасыл мектеп”жобасы аясында түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. 🌱

Оқушыларымыз табиғатты қорғау және оның маңыздығын түсіну арқылы болашақ ұрпаққа жауапкершілік сезімін ұялатуды мақсат етіп отыр. Бүгінгі күні біз әртүрлі экологиялық акциялар, ағаш отырғызу, қайта өңдеуді үйрену сияқты іс-шаралармен мектеп ауласын көгалдандыруды қолға алдық.

Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін жас ұрпақтың үлесі зор екенін ұмытпай, осы жобаға белсене қатысып жүрген барлық оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз. Бұл бастаманың бір бөлігі болып, тазалық пен табиғатқа қамқорлық көрсетіп жүрген әр оқушының үлесі үлкен! 🌍✨